Біз туралы

Алтын ұрпақ Астана — балалардың жарқын болашағының іргетасы қаланатын мейірім мен қамқорлық мекені. Біздің басты мақсатымыз — әр баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына барынша ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау.

Миссия және Құндылықтар

Біз кішкентай тұлғаның қауіпсіз және қуанышқа толы ортада дамуын қамтамасыз етуді өз миссиямыз деп білеміз.

Миссия

Әр баланың қабілетін ашатын және дамытатын мейірімді, білімді ортаны қалыптастыру.

Құрмет

Баланың жеке шекарасы мен ойына құрмет көрсетіп, тең құқылы тұлға ретінде қабылдаймыз.

Қамқорлық

Қамқорлықпен қарап, денсаулыққа, эмоциялық тұрақтылыққа үлкен мән береміз.

Қауіпсіздік

Балалардың қауіпсіз ортада дамып, ойнауы үшін барлық жағдайлар мен бақылаулар қарастырылған.

Даму

Әр баланың даму кезеңдеріне сай физикалық және интеллектуалдық дамуына үнемі қолдау көрсетеміз.

Байланыс

Ата-аналармен ашық байланыста болып, баламыздың жетістіктерімен бөлісіп отырамыз.

Білім беру Тәсіліміз

Ойын, тіл, шығармашылық және логиканы күнделікті бағдарламаға үйлесімді енгіземіз.

Жас толқын

Балаларға қажетті алғашқы дағдылар мен коммуникация негіздерін қалаймыз.

Тілдерді үйрену

Сабақ барысында ана тілімен қатар, ағылшын тілінің негіздері де қарастырылады.

Шығармашылық

Бейнелеу, мүсіндеу және ән айту арқылы шығармашылық потенциялды оятамыз.

Жан-жақты даму

Әлемтану, қоршаған ортаны тану сабақтары арқылы жан-жақты білімді арттырамыз.

Балабақша туралы ақпарат

Толық атауы"Алтын ұрпақ Астана" мекемесі балабақша
Балабақшаның құрылуы2015 жыл
ОрналасуыАстана қ., Сарайшық ауданы, Райымбек батыр көшесі, 18
Жобалық қуаты160 орын
Балабақша директорыЕсембекова Мира Асангалиевна
Оқу тіліқазақ тілінде
Жас ерекшелік диапазоны3-6 жас
Топ толымдылығы20 бала
Педагог-мамандар саны20 адам
Аттестация2023 жыл 16 маусым аттестатталды
Балабақшаның жұмыс кестесіДүйсенбі-Жұма 8.00-ден 18.30-ға дейін
Демалыс күндері:Сенбі, Жексенбі және ҚР заңнамасында белгіленген мейрам күндері
× Zoomed in